Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№100 газет

21 желтоқсан 2024 ж.

№ 99 газет

14 желтоқсан 2024 ж.

№ 98 газет

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Құрылыс нысандары аймақ басшысының тікелей назарында

Құрылыс нысандары аймақ басшысының тікелей назарында

Облыс аумағында ұлттық жобалар, мемлекеттік бағдарламалар аясында, инвесторлар демеушілігімен бой көтерген жаңа нысандардың қатары көп.

Аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаевтың тапсырмасымен қала әкімі Нұржан Ахатов, облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Ерлан Төрәлиев Қызылордадағы бірқатар нысанның құрылыс барысын тексерді.

Алдымен сол жағалаудағы жаңа стадионның, физика-математика мектеп-интернатының және 40 пәтерлік 10 тұрғын үйдің құрылыс алаңдарына барды.

Стадионды бас мердігер «ВД Строй Инжиниринг» ЖШС келесі жылы ел игілігіне береді деп жоспарлануда.

«Промстройсервис Е» ЖШС 300 орындық жатақханасы бар, 400 оқушыға арналған физика-математика бағытындағы мектеп-интернат құрылысын өткен жылы бастады, келесі жылы бітіреді.

Тұрғын үйлер құрылысын қолға алған «Аман құрылыс», «Орион ЛТД», «Интегрострой», «Асар», «Промстройсервис.Е», «Авангард-ПГС», «Техостнастка-Ремсервис», «Абу-Сер» серіктестіктері де жұмысты алдағы жылы аяқтауды межелеген.

Әрі қарай тарихи-мәдени мұра орталығының, музыкалық колледждің жаңа ғимаратының, «Инновациялық-шығармашылық орталығының» құрылыс барысы сараланды. Бас мердігерлер «Авангард ПГС», «Интегрострой», «Bi Global» серіктестіктерінің құрылысшылары нысандарды келесі жылы қолданысқа беру үшін еңбек етуде.

Бүгінгі құрылыс нысаны – келешекте жылдар бойы ел игілігіне қызмет ететін ғимарат. Сондықтан оның сапалы салынуына, әрлеу жұмыстарына асқан жауапкершілікпен қарау керек. Тағы бір ескеретін талап – межелі мерзімінде пайдалануға беру. Бұл – аймақ басшысының тапсырмасы.

Н.Ахатов пен Е.Төрәлиев құрылыс нысандары облыс әкімінің тікелей назарында екенін, қойылған талаптарға баса мән беру керектігін айтты.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
20 желтоқсан 2024 ж. 53 0