Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№23 газет

01 сәуір 2025 ж.

№22 газет

29 наурыз 2025 ж.

№21 газет

23 наурыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Алдағы міндеттер нақтыланды

Алдағы міндеттер нақтыланды

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен бюджет қаржысын игеру, құрылыс нысандарындағы жұмыс қарқыны, жылу маусымының барысы, коммуналдық қызметтердің көрсетілуі талқыланған жиын өтті. Басқосуға қала, аудан әкімдері, жауапты сала басшылары қатысты.

Аймақ басшысы осыған дейін берілген тапсырмалардың орындалуына тоқталып, межелі көрсеткішке қол жетпеген жағдайда жауапкершілік бірінші басшылардан сұралатынын ескертті.

«Жыл соңына дейін бюджет қаражатын тиімді игеріп, нақты бағыттарға жұмсау қажет.

Биыл аяқталатын құрылыс нысандарындағы жұмысты бақылауға алыңыздар. Мердігер мекемелермен ұдайы байланыста болып, құрылыстың басына барып тексеріңіздер. Бірінші әрі басты талап - сапа, сосын жұмысты мерзімінде аяқтау керек.

Жылу беруде ешқандай кедергі туындамауы тиіс. Бірінші кезекте әлеуметтік нысандарды, тұрғын үйлерді қамтамасыз етіңіздер. Аудан, ауылдарда көмір тапшылығы болмасын.

Мереке күндері коммуналдық қызметтердің жұмысы үздіксіз болуы қажет», – деді Н.Нәлібаев.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
16 желтоқсан 2024 ж. 137 0