Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Жасөспірімдер Азиадасы: боксшы Рамина Маханова қола жүлдеге ие болды

Жасөспірімдер Азиадасы: боксшы Рамина Маханова қола жүлдеге ие болды

Бокстан Қазақстан қыздар құрамасының өкілі Рамина Маханова Манамада (Бахрейн) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында қола жүлдеге ие болды. KAZINFORM 

ҚР ҰОК мәліметінше, бұрымды боксшымыз 54 келіге дейін салмақта ел намысын қорғады.

Рамина жартылай финалда Үндістан елінің өкілі Чандрика Пуджаримен қолғап түйістірді. Жекпе-жек қорытындысы бойынша үндістандық боксшы жеңіске жетті. Осылайша, Рамина Маханова жарысты қола жүлдемен аяқтады.

Айта кетейік, он боксшы жасөспірімдер Азиадасының жартылай финалына шықты.

Қазақстандық ауыр атлет Бейбарыс Ерсейіт Манама қаласында (Бахрейн) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы ел қоржынына екі жүлде салды.

Таеквондодан Қытайдағы әлем чемпионатында Айдана Құмартаева қола медаль алды.

Әлихан Әскербай жаңа әлем рекордын орнатты.

Фото: Арлан Олжабай, Қазақстан ҰОК



28 қазан 2025 ж. 209 0