Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№93 газет

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 газет

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 газет

29 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Асхат Аймағамбетов: Қазақстанда педагогика топ-5 мамандықтың қатарына енді

Асхат Аймағамбетов: Қазақстанда педагогика топ-5 мамандықтың қатарына енді

Қазақстанда педагогика топ-5 мамандықтың қатарына енді. Бұл туралы мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов "Таңшолпан" бағдарламасында айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Депутаттың айтуынша, бұрын мұғалім мамандығын таңдайтын түлектер аз болған. Осы мамандыққа келушілердің орташа балы 55 балл болған.

"Мұғалімнің мәртебесін өсіру – осы мамандыққа ең үздік, ең мықты мектеп түлектерін әкелу. Бұл мамандыққа түсу екі жылдың ішінде 55 балдан 100 балға жетті, одан да асып кетті. Алдыңғы жылы тіпті 120 балл алған балалар мұғалім мамандығына грантқа түсе алмай қалды. Қазір "Алтын белгі" иегерлері осы мамандыққа келіп жатыр. Бәрі барғысы келетін топ-5 мамандық болса, оның ішінде мұғалім де бар", - деді депутат.

Айта кетейік, елімізде педагог мамандығы бойынша оқып жатқан студенттердің шәкіртақысы бес жылда екі есе көбейген. Жаңа оқу жылынан бастап шәкіртақы 84 мың теңге болды. Бұл туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаев мұғалімдердің республикалық Тамыз конференциясында айтқанын хабарлағанбыз.

Асхат Аймағамбетов. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков



03 қазан 2025 ж. 118 0