Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 72 газет

23 қыркүйек 2025 ж.

№ 71 газет

20 қыркүйек 2025 ж.

№ 70 газет

16 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Каспий мен Бозжырада Димаш Құдайбергеннің халықаралық жобасы түсіріліп жатыр

Каспий мен Бозжырада Димаш Құдайбергеннің халықаралық жобасы түсіріліп жатыр

Әлемге танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің Қытайдың Hunan Broadcasting System телекомпаниясымен бірлесіп жүзеге асырып жатқан Voice Beyond Horizon халықаралық музыкалық жобасының түсірілімдері еліміздің ең көрікті өңірлерінде жалғасып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Туризм және спорт министрлігінің хабарлауынша, музыкалық шоу Қазақстанды миллиондаған көрерменге жоғары туристік әлеуеті бар мемлекет ретінде таныстыруды көздейді. Түсірілімдер Түркістан, Маңғыстау, Алматы және Ақмола облыстарында, сондай-ақ Алматы мен Астана қалаларында өтеді. Шоудың финалы елордада ұйымдастырылады деп жоспарланған.

«Димаш Құдайберген мен жобаға қатысушылар Түркістан облысынан Ақтау қаласына ат басын бұрды. Түсірілім аясында Каспий теңізінің жағалауында және Қазақстанның ең әсерлі табиғи мұраларының бірі – Бозжыра шатқалында өнер көрсету жоспарланған. Түсірілімге Қытай, Қазақстан, Қырғызстан, Италия, Малайзия және Сербиядан келген талантты орындаушылар қатысып жатыр. Қатысушылардың кәсіби деңгейін арнайы шақырылған халықаралық сарапшылар бағалайды», делінген хабарламада.

Жобаны жүзеге асыруға ҚР Туризм және спорт министрлігі, Мәдениет және ақпарат министрлігі, «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы және өңірлік әкімдіктер қолдау көрсетіп отыр.

Айта кетейік, биыл Туризм және спорт министрлігі 2025–2029 жылдарға арналған «Маңғыстау» туристік аймағын дамыту жөніндегі кешенді жоспарды әзірлеген. Үкімет қаулысымен қабылданған бұл құжат өңірді 9 бағыт бойынша дамытуды көздейді. Жоспар туристерді тартуға жағдай жасап, инвестициялық ахуалды жақсартуға ықпал етеді.

Фото: Туризм және спорт министрлігі

21 қыркүйек 2025 ж. 204 0