Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№4 газет

18 қаңтар 2025 ж.

№3 газет

14 қаңтар 2025 ж.

№ 2 газет

11 қаңтар 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Димаш Құдайберген Дубайда беделді сыйлықтың лауреаты атанды

Димаш Құдайберген Дубайда беделді сыйлықтың лауреаты атанды

Танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Дубайда DIAFA жүлдесінің иегері атанды, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz.

Әртіс Instagram-дағы парақшасында ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.

«DIAFA-ға өнерге қосқан үлес үшін берген сыйлыққа рахмет. Рахмет, Дубай, рахмет, DIAFA», — деп жазды Димаш.

DIAFA (Distinctive International Arab Festivals Awards) — Дубайда жыл сайын өткізілетін халықаралық премия. Ол өнер, мәдениет, бизнес және гуманитарлық жұмыстарға қосқан үлестері үшін әртүрлі елдердің көрнекті тұлғаларын атап өтеді. Лауреаттар жетістіктері мен халықаралық сахнадағы ықпалы үшін таңдалады.

Еске салсақ, Қытайдағы Қазақстан туризм жылының жабылуында Димаш Құдайбергеннің жаңа бейнебаяны таныстырылды.

Форум қатысушылары Димаш Құдайбергеннің «Киелі мекенім» әніне арналған жаңа клипін бірінші болып тамашалады.

Фото: instagram
28 қараша 2024 ж. 118 0