Еңбекке қабілетті мамандарды тарту маңызды

Ел Президентінің Жолдауында ауыл шаруашылығына ерекше назар аударылып, өнімділік, өңдеу, экспорт, ауыл инфрақұрылымы және ресурстарды үнемдеу сияқты бағыттар басымдыққа ие болды. Бұл саланы жаңа деңгейге көтеру – елдің экономикалық тұрақтылығы мен азық-түлік қауіпсіздігінің кепілі ретінде қарастырылып отыр. Әрине, аграрлық сала сан бағытқа бөлінген. Құрылымдық жағынан өзектілігін жоймайтын ауқымды бірқатар жоба жүзеге асырылса, ауылдағы ағайынның жағдайы жақсара түседі.
Әлем бір орнында тұрмасы анық. Күн сайын заман ағымына сай сан салада өзгеріс бар. Оның ішінде ауыл шаруашылығы қызметі қалыс қалмайды. Үнемі жаңашылдық пен тың бастамаға дайын болғанымыз дұрыс. Бүгінде техника тілі цифрландыруға икемделіп, жұмыс күшінің азаюына септігін тигізуде. Бір ғана мысал жерді тегістеу барысында заманауи технологияға иек артамыз. Агроөнеркәсіп кешенінде еңбек өнімділігін екі есе арттыру міндеті қойылды. Бұл – дұрыс шешім. Еңбекке қабілетті мамандарды тарту – сала жұмысын жандандырады.
Марат БИСЕНОВ,
аудандық мәслихат депутаты,
«Ақжарма-2» ШҚ төрағасы