Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 70 газет

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 газет

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 газет

08 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Тоқаев жақын арада Нью-Йоркке жұмыс сапарымен барады

Тоқаев жақын арада Нью-Йоркке жұмыс сапарымен барады

Мемлекет басшысы 21-23 қыркүйек күндері Нью-Йорк қаласына жұмыс сапарымен барады, деп хабарлайды kaz.nur.kz

Президенттің баспасөз қызметінің мәліметінше, сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-ші сессиясына қатысып, бірқатар мемлекеттің және халықаралық ұйымдардың басшыларымен келіссөз жүргізеді.

Сондай-ақ АҚШ-тың ірі бизнес өкілдерімен дөңгелек үстел ұйымдастырылады.

Бұдан бөлек, әлемдік жетекші компаниялардың басшыларымен кездесу жоспарланып отыр.

Айта кетелік, "ШЫҰ плюс" саммитінде сөз сөйлеген президент Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Ұлттар Ұйымын реформалаудың қажеттігін мәлімдеген еді.

Мемлекет басшысының айтуынша, қазіргідей өте күрделі геосаяси жағдайда Біріккен Ұлттар Ұйымын әмбебап әрі тәуелсіз құрылым ретінде қолдау керек.

Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда
19 қыркүйек 2025 ж. 372 0