Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада бірыңғай цифрлық платформа енгізу мәселесі қаралды

Қызылордада бірыңғай цифрлық платформа енгізу мәселесі қаралды

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Қызылорда облысына жұмыс сапарымен келіп, Мемлекет басшысының жолдауымен біріңғай цифрлық платформаны енгізуге қатысты тапсырмасын орындау мақсатында мәжіліс өткізді.

Мәжіліске салалық басқарма басшылары мен оған қарасты мекемелердің директорлары, Қызылорда қаласы мен аудан әкімдері, әлеуметтік салаға жауапты орынбасарлары мен тиісті мамандар қатысты.

Министр Бірыңғай цифрлық платформаны енгізу бойынша өңірде атқарылған жұмыстарды тыңдап, әлеуметтік қолдау шараларының бизнес-процестерін цифрландыру бағытындағы мемлекеттік қолдау шараларын бөлудің жаңа моделін талқылады.

Жиында облыс әкімінің бірінші орынбасары Данияр Жаналинов сөз алып, аймақта әлеуметтік сала бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

- Мемлекет басшысы Жолдауынан туындайтын міндеттердің бірі - әлеуметтік көмекті тек шын мұқтаждарға бағыттау және әлеуметтік тұрғыдан осал топтағы азаматтарға бөлінетін әлеуметтік қолдауларды біріңғай цифрлық платформа арқылы біріздендіру болып табылады. Біздің мақсатмыз - әрбір азаматтың әлеуметтік әл-ауқатын арттырып, қоғамдағы отбасылық құндылықтарды нығайту. 1 қыркүйектегі жағдай бойынша облыс бюджетінің көлемі 829,2 млрд теңгені құрайды.

Әлеуметтік салаға жұмсалған жалпы шығыстың 477,5 млрд теңгесі бөлінді, бұл жалпы бюджет шығыстарының 58 пайызын құрайды. Әлеуметтік салаға жұмсалған шығыстар құрылымында білім саласы ең үлкен үлеске ие.
Әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қамсыздандыруға 53,6 млрд теңге, мәдениет және спорт саласына 52,9 млрд теңге, денсаулық сақтау саласы 35,8 млрд теңгеге қаржыландырылды. Осылайша, өңірдің жүргізіліп жатқан бюджет саясатының әлеуметтік бағытын растайтын әлеуметтік міндеттемелердің басымдығы сақталады,- деді Данияр Еренғалиұлы.

Айта кету керек, енді отбасының әл-ауқат деңгейі 23 әлеуметтік-демографиялық және экономикалық критерийлер бойынша анықталатын болады. Қосымша қолдау шараларына өтініш білдірген барлық отбасылар 6 санатқа жіктеледі. Шешім отбасының цифрлық картасы арқылы жиналған объективті деректер негізінде автоматты түрде қабылданады.


17 қыркүйек 2025 ж. 75 0