Қос азаматтықтың жауапкершілігі ауыр

Елімізде қос елдің азаматтығын алу фактісі жиі тіркеліп, тәртіп бұзушы жандар жауапкершілікке тартылуда. Мемлекеттің әрбір тұрғынына келесі бір елдің азаматтығын алу заңмен шектеледі. ҚР Конституциясының 10-бабының 3-тармағында: «Қазақстан Республикасының азаматының шетел азаматтығы танылмайды» делінген, яғни қос азаматтыққа жол жоқ. Егер Қазақстан азаматы басқа мемлекеттің азаматтығын алса, ол еліміздің азаматтығынан айырылуы мүмкін. Құқық қорғау органдарының мамандары алдағы уақытта заң бұзушылыққа жол берген жандарға әкімшілік айыппұлмен қатар, қылмыстық жазаны қолдануды ұсынуда. Әкімшілік жаза түріне қос азаматтық үшін 300 АЕК (шамамен 1 179 600 теңге) көлемінде айыппұл салу немесе әкімшілік жолмен елден шығару жазасы қарастырылған. Қарағанды облысында бір адамға 428 820 теңге көлемінде айыппұл салынған. Былтыр көліктегі полиция департаменті қызмет көрсету аумағында қос азаматтығы бар 433 адамды анықтаған. Олардың сот шешімімен 250-не айыппұл салынса, 183-і елден шығарылған. Статистикалық мәліметке сүйенсек, Ресей, Түркия, АҚШ, Германия елінің азаматтары бар екені нақтыланған.
Балтабай ОРДАБЕКОВ
Фото: Ашық дереккөзден