Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 67 газет

06 қыркүйек 2025 ж.

№ 66 газет

03 қыркүйек 2025 ж.

№ 65 газет

30 тамыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Шағандықтар егінді жинауға кірісті

Шағандықтар егінді жинауға кірісті

«Шаған Жер» ЖШС аудан көлемінде аграрлық салада қажырлы еңбек етіп келе жатқан ірі шаруашылық құрылымының бірі саналады. Бірнеше жылдан бері біліктілігімен ұжым жұмысын үйлестіре білген Жеңісбек Сыздықов бастаған диқандар Сыр салысын егумен айналысуда. Бес мыңға жуық халқы бар Шаған ауылындағы шаруашылық құрылым ала жаздайғы еңбекті сәтті аяқтап, егінге орақ салды. Егінге орақ салуға арналған салтанатты іс-шараға облыстық мәслихат депутаты Жұмабек Ембергенов, «Шаған Жер» ЖШС төрағасы Жеңісбек Сыздықов, зиялы қауым өкілдері мен тұрғындар қатысты.

Биыл шағандық шаруалар­дың жұмысы ширап, қамбаға мол өнім түсе бастады. Көктемгі егінге дайындықтан бастап, күз­­ге дейінгі аралықта Сырдың бас­ты дақылын шашпай-төкпей жинап алуға айрықша жағдай жасалды. Облыстық мәслихат депутаты Жұмабек Ембергенов диқандарды құттықтап, мерейлі сәтте жұмыстарына сәттілік тіле­ді.

– Қазіргі уақытта аграрлық саланың жұмысы қиындай түс­кенін көзіміз көріп жүр. Су тап­шы­лығы орын алып, егін егудің машақаты көбейді. Үнемі күтімді қажет ететін кү­ріш­тің бабын табу оңай емес. Жеңісбек Сыздықов бастаған дала еңбеккерлері та­ңер­­тең­нен егістік басынан та­былуда. Ауыл шаруашылығы са­ла­сында­ғы жан-жақты құры­лым­дық жұмысты меңгере оты­рып, та­бысқа қол жеткізген әр­бір шаруа­ның еңбегін жоғары баға­лаймын, – дейді Жұмабек Әшімұлы.

Осы жылы «Шаған Жер» ЖШС тарапынан 2900 гектар жерге күріш егілді. Оның ішін­де, «Лидер» 300 гектарға, «Мар­шал» 2600 гектарға егіл­ді. Ал ескі жоңыш­қа 600 гектар­ға егілсе, жаңа жоңышқа 100 гектар алқапты алды. Шаруа­шылықта 250-ге жуық маман жұмыс жасайды. 7 бри­гадаға бөлін­ген құрылымдық ұжымда техника қоры жеткілікті. Мәсе­лен, 6 комбайн Claas, 2 Case шынжыр табанды жатка, 3 Mac­­Don комбайн, 2 Камаз жүк көлігі, 2 ХТЗ тракторы бар.

– Аптап ыстыққа қарамастан егін егу маусымын сәтті аяқтап жатырмыз. Бүгін егінге орақ салу рәсіміне қатысқан баршаңызға шынайы алғыс білдіреміз. Ал­дағы уақытта қырманды ас­тық­қа толтырып, жұмысты жүр­­­­­­гізу­де ыждағаттылық таны­тамыз. Көп тілегінің арқа­сында қызмет бағы­тымыз ілгері басып келеді, – дейді Жеңісбек Сыздықов.
Егінге орақ салу рәсімінде 87 жастағы қария Төлеп Мыханов көпшілікке арнап ақ батасын берді.


Балтабай ОРДАБЕКОВ

06 қыркүйек 2025 ж. 138 0