Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№77 газет

10 қазан 2026 ж.

№76 газет

06 қазан 2026 ж.

№75 газет

03 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » Мемлекет басшысының Жарлығымен «Қазақстан Республикасының Конституциясына 30 жыл» мерейтойлық медалі бекітілді

Мемлекет басшысының Жарлығымен «Қазақстан Республикасының Конституциясына 30 жыл» мерейтойлық медалі бекітілді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен «Қазақстан Республикасының Конституциясына 30 жыл» мерейтойлық медалі бекітілді.

Аталған медальмен Қазақстан Республикасы Конституциясының үстемдігін қамтамасыз етуге, ел тәуелсіздігін нығайтуға, қоғамда келісім мен тұрақтылықты сақтауға, азаматтардың конституциялық құқығын және еркіндігін қорғауға, конституционализм идеяларын, сондай-ақ қағидаттарын қалыптастыруға әрі дамытуға ерекше үлес қосқан тұлғалар наградталады.

Сонымен қатар мерейтойлық медаль жұмысшы мамандарға, бюджет саласы мен өндіріс ұйымдарының өкілдеріне және басқа да азаматтарға беріледі. Бұл медальға ие болу азаматтардың адал еңбегі мен Отан, мемлекет және қоғам алдындағы ерекше қызметін танудың маңызын көрсетеді.
29 тамыз 2025 ж. 381 0