Аймақта коммуналдық тарифтер жаңартылды

- Биылғы бірінші жартыжылдықта коммуналдық салада бірқатар маңызды өзгерістер болды. 2025 жылдан бастап су, жылу, газ және электр энергиясының жаңа тарифтері бекітілді. Тарифтердің қалыптасуында басты мақсат - халыққа қолжетімділікті сақтау және желілердің тозуын азайту. Департамент тарапынан тұтынушылардың құқықтарын қорғау басты назарда. Нәтижесінде артық төленген 193,8 млн теңге халыққа қайтарылуда, жылумен жабдықтау қызметі үшін қайта есеп жүргізіліп, тұтынушыларға 23,9 млн теңге қайтарылды. Сонымен қатар, Ұлттық жоба аясында облыстағы инфрақұрылымды жаңғыртуға миллиардтаған инвестициялар тартылуда. Бұл желілердің тозуын азайтып, сапалы қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді. Алдағы уақытта да тарифтердің ашықтығын қамтамасыз ету үшін жария тыңдаулар жалғаса береді. Әрбір өтініш заң аясында қаралып, азаматтардың құқықтары қорғалуда,- деді Зура Сардарбекқызы.
@Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі