Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жобасы бекітілді

Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жобасы бекітілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, ҚР Үкіметінің қаулысымен «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» атты ұлттық жоба бекітілді. Ұлттық жобаның мақсаты – халыққа коммуналдық қызметтерді сенімді әрі сапалы көрсетіп, ел экономикасының орнықты дамуын қамтамасыз ету үшін ҚР энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту болып табылады.

Зура Сардарбек, ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары.

«Ұлттық жобаны іске асырудың жоспар-кестесі бекітіліп, біздің облыс бойынша бұл аталған жобаға 3 ірі табиғи монополия субъектілері «Қызылорда жылу электр орталығы» МКК, «Қызылорда су жүйесі» МКК мен «Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» АҚ қатысады. Қазіргі таңда департаментке 2 субъектіден инвестициялық бағдарламаларына өзгерістер енгізуге өтінімдер ұсынылды. Аталған өтінімдер бюджет қаражат есебінен болғандықтан тарифтің өсуіне әкеп соқпайды. Ұлттық жоба аясында департамент облыстық энергетика басқармасымен бірлесіп өңірдегі ірі табиғи монополия субъектілерінің инвестициялық бағдарламаларына өзгерістер енгізілетін болады».


Өңірлік коммуникациялар қызметі
Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі

24 сәуір 2025 ж. 105 0