Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 23 газет

23 наурыз 2026 ж.

№ 20 газет

17 наурыз 2026 ж.

№ 19 газет

14 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Облыс әкімі комитет төрағасымен кездесті

Облыс әкімі комитет төрағасымен кездесті

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы Мұрат Теміржановпен кездесті. Кездесуде өңірдегі жер ресурстарын тиімді пайдалану, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді игеру, цифрландыру және жер кадастрын жетілдіру мәселелері талқыланды.

Статистикалық мәліметтерге қарағанда, облыстың жер көлемі 24,1 млн гектар, оның 2,9 млн гектары - ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер. Мемлекет басшысының пайдаланылмаған ауыл шаруашылығы жерін мемлекетке қайтару жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында биылға жоспарланған 60 мың гектардың 43 мың гектары қайтарылды. 2022–2024 жылдар аралығында 460,2 мың гектар жер мемлекетке қайтарылып, оның 93,6 мың гектары қайта айналымға енгізілді.

@Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

25 тамыз 2025 ж. 252 0