Аймақ басшысы Ауыл шаруашылығы вице-министрімен кездесті

Аймақ басшысы мемлекеттік қолдаудың арқасында мал басы тұрақты өсіп, өндірілген өнім көлемі артқанын атап өтті. Суармалы жерлерді тиімді пайдалану, мал шаруашылығын дамыту, жергілікті өнімдердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және саланы цифрландыру оңтайлы шешімін тауып келеді.
Вице-министр Сыр еліне жұмыс сапары аясында аудандарға барып, ауыл шаруашылығы саласында атқарылған жұмыстармен танысады.
Айта кетейік, өткен жылы мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды, асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды субсидиялау бюджеттік бағдарламасы бойынша 623 тауар өндірушіге субсидия төленген.
Өңірде балық шаруашылығын дамыту бағдарламасынасәйкес 2030 жылға қарай 16 мың тоннаға дейін балық өсіру жоспарлануда. Тауарлы балық өсірумен 93 шаруашылық айналысады. Былтыр 1001,2 тонна балық өсіріліп, белгіленген көрсеткіш толық орындалды. Биылға 1426 тонна меже бекітілген.
Ветеринариялық іс-шараларды уақытылы жүргізгеннің нәтижесінде аймақтың эпизоотиялық жағдайы тұрақты.
@Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі