Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 59 газет

09 тамыз 2025 ж.

№ 58 газет

05 тамыз 2025 ж.

№ 57 газет

02 тамыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » Қызылорда облысы бойынша қазынашылық департаментінің басшысы тағайындалды

Қызылорда облысы бойынша қазынашылық департаментінің басшысы тағайындалды

ҚР Қаржы министрлігі аппарат басшысының бұйрығымен Қызылорда облысы бойынша қазынашылық департаментінің басшысы қызметіне Байсариев Қалмұханбет Сапарбекұлы тағайындалды.

Қалмұханбет Сапарбекұлы 1974 жылы қазіргі Түркістан облысында дүниеге келген. Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-түрік университетінде «Халықаралық экономикалық қатынастар», Халықаралық гуманитарлық-техникалық университетінде «Құқықтану» мамандықтары бойынша білім алған.

Еңбек жолын 1997 жылы сол кездегі Оңтүстік Қазақстан облыстық бюджет банкі басқармасында экономист ретінде бастап, әр жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша қазынашылық басқармасында бөлім басшысы, басқарма бастығы, Түлкібас аудандық қазынашылық басқармасының бастығы, Жамбыл облысы бойынша қазынашылық департаменті бастығының орынбасары, Шымкент қаласы бойынша қазынашылық департаменті басшысының орынбасары лауазымдарында еңбек еткен.

2025 жылдың қаңтар айынан бастап осы күнге дейін Алматы қаласы бойынша қазынашылық департаменті басшысының орынбасары қызметін атқарып келді.

@Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

06 тамыз 2025 ж. 264 0