Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№35 газет

13 мамыр 2026 ж.

№34 газет

09 мамыр 2026 ж.

№33 газет

05 мамыр 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы тағайындалды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы тағайындалды

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаментіне жаңа басшы тағайындалды.

Е.Ә. Мақажанов 1981 жылы Алматы облысында дүниеге келген.

2002 жылы Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін «Маркетинг және коммерция» мамандығы, 
2008 жылы Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясын «Құқықтану» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2005 жылы қаржы полициясы органдарында иснпектор лауазымынан бастады.

2005-2014 жыл аралығында қаржы полициясының түрлі лауазымдарында, оның ішінде басшы лауазымдарда қызмет атқарды.

2014-2020 жылдары Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі және экономикалық тергеу қызметінде түрлі лауазымдарда қызмет атқарған.

2020-2022жж Агенттіктің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы, ал 2022 жылдың маусым айынан бастап Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары болып қызмет жасаған.

2023 жылдың қаңтар айынан бастап Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының м.а. болып табылады.
24 қаңтар 2023 ж. 546 0