Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Тиімділігі мол, артықшылығы орасан

Тиімділігі мол, артықшылығы орасан

Жақында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру және медициналық қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойылған болатын. Заң шеңберінде көптеген өзгеріс орын алып, ел тұрғындарының денсаулығын жақсартуға қатысты көптеген мәселе қамтылды.

Арнайы құжаттың көпшілік үшін тиімділігі мол. Жалпы Жергілікті атқарушы органдар (әкімдіктер) азаматтардың жекелеген санаттары үшін МӘМС жүйесіне жергілікті бюджет қаражатынан аударымдар жүргізуге міндетті болатыны қарастырылған. Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасы негізінде МӘМС халықтың осал топтарын қамтуды арттыру тетік­тері көзделгенін айта кетейік. Алдағы уақытта медициналық көмектің бірыңғай теңгерімді пакеті қалыптасып, (ТМККК) мен МӘМС арасындағы қайталануды жоятын бір пакеттік қаржыландыруды енгізу жоспарланған. Бұның барлығы – ел Президентінің халыққа оңтайлы медициналық қызмет үлгісін қалыптастыруға бағытталған тапсырмаларынан туындайды.

– МӘМС жүйесінің жұмысын заң шеңберінде жетілдіру – маңызды қадам. Сырдария аудандық ауруханасында күнделікті МӘМС жүйесі бойынша сақтандырылмаған азаматтарға түсіндірме жұмысы тұрақты жүргізіледі. МӘМС мүм­кіндіктерін тиімді пайдаланып, күрделі ота жасатып немесе сырқатынан айығып жатқан жандар қаншама. МӘМС жүйесінің артықшылықтары жөнінде жергілікті халыққа кеңінен ақпарат берудеміз, – дейді Сырдария аудандық ауруханасының бас дәрігері Жалғасбек Үсенов.

Жаңа заңның тағы бір жаңалығы сақтанушы мәртебесін сақтаудың жеңілдік кезеңі – 3 айдан 6 айға дейін ұлғайтылғаны болып отыр. Бұл соңғы 5 жыл ішінде тұрақты үлес қосқан, бірақ табысынан уақытша айырылған азаматтарға қатысты екенін көпшілік назарына саламыз.

Б.ОРДАБЕКОВ
Фото: Н.Нұржаубай

05 тамыз 2025 ж. 221 0