Қызылордада кандидаттардың тек 23% ғана жүргізуші куәлігін алды

2 630 үміткердің ішінен бірінші кезең, теориялық емтиханнан 1 381 үміткер өтті, бұл өткен жылдың сәйкесінші кезеңімен салыстырғанда 2% төмен. Практикалық бөлігін тек 611 қызылордалық өтті. 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіш 33% төмендеді.
Жалпы, жыл басынан бері мамандандырылған ХҚКО арқылы 30 мыңға жуық дайын құжат берілді. Көлік құралдарының жекелеген түрлерін тіркеу және есепке алу бойынша 15 196 қызмет көрсетілді. Оның 11 мыңға жуығы электронды форматта көрсетілді.
«Азаматтарға арналған үкімет»
мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ
мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ