Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 55 газет

26 шілде 2025 ж.

№ 54 газет

22 шілде 2025 ж.

№ 53 газет

19 шілде 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Жол инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр

Жол инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр

Сырдария ауданында тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында сапалы жол инфрақұрылымын дамытуға ерекше көңіл бөлініп, жүйелі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Аудандағы автомобиль және ішкі көшелердің жағдайы жақсартылып, халықтың көлік қатынасы мен қауіпсіздігі қамтамасыз етілуде. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Сырдария ауданының әкімі Берік Сәрменбаев айтты.

– Халықтың күнделікті тұрмысын жеңілдету үшін сапалы және қауіпсіз жолдар маңызды екенін жақсы түсінеміз. Аудан аумағында жалпы ұзындығы 263 шақырымнан астам автомобиль жолдары бар, оның 44 шақырымы республикалық, 111 шақырымы облыстық, ал 108 шақырымы аудандық маңызға ие. Аудандық маңызы бар жолдардың 99 пайызы жақсы және қанағаттанарлық жағдайда. Ішкі жолдардың 82 пайызы жақсы жағдайда. Биыл жол саласына 5 жобаға 1 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінді. Қазіргі таңда «Қызылорда-Аэропорт-Қоғалыкөл-Шіркейлі» автожолының қалған 10 шақырымы күрделі жөндеуден өтіп, жалпы 46 шақырым жол жаңартылды. Сондай-ақ, Шіркейлі, Шаған және С.Сейфуллин елді мекендерінде 7 көше күрделі жөндеуден өтіп жатыр, жұмыстар жақын арада аяқталады. Бұл жұмыстар ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына және тұрғындардың жайлы өмір сүруіне септігін тигізеді, - деді аудан әкімі.


25 шілде 2025 ж. 275 0