Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудандық маңызы бар жолдардың жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы пайызы 99 %-ды құрады

Аудандық маңызы бар жолдардың жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы пайызы 99 %-ды құрады

Сырдария ауданының аумағында жалпы ұзындығы 263,26 км құрайтын автомобиль жолдары бар. Оның: 44 км - республикалық; 111,56 км - облыстық; 107,7 км - аудандық маңызы бар жолдар (ауыл ішілік жолдар 234,31 км).

Бүгінгі күнге аудандық маңызы бар жолдардың жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы пайызы 99 %-ды, кент және елді мекендердегі көшелердің жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы пайызы (2023 жылы 30 км жөнделді) 76 %-ды құрап отыр.

2023 жылға аудан бойынша жол саласына барлығы 32 жобаға 3,4 млрд (3454,6) теңге қаржы бөлінген. Оның ішінде облыстық маңызы бар 2 жобаға республикалық бюджеттен «Қызылорда-Айдарлы-Тартоғай» жолын орташа жөндеуге 1, 3 млрд теңге және «Самара-Шымкент-Тереңөзек» автомобиль жолына 687,6 млн. теңге бөлініп барлығы 42 км жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.

«Ауыл- ел бесігі» бағдарламасымен 12 жобаға 488,7 млн теңге, ОБ-тен – 15 жобаға 853,5 млн теңге, АБ-тен 3 жобаға 88,3 млн теңге қаржы бөлініп, тиісті жұмыстар атқарылды.

Сонымен қатар, аудан бойынша 2024 жылға автомобиль жолдарын жөндеуге 2,9 млрд теңгеге 6 жобаға (24 көше -38,4 км, 1 аудандық маңызы бар жол-10 км) облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына бюджеттік өтінім ұсынылды.

Қазіргі таңда қосымша кент және елді мекендерден 5 жоба әзірленіп, сараптамадан өткізілуде.
11 қаңтар 2024 ж. 149 0