Тұрақты жұмыспен қамту шаралары жүйелі түрде жүзеге асуда

– Халықтың жұмыспен қамтылуы - біздің ең басты мақсатымыз. Биылғы жылы өңірлік жұмыспен қамтудың жол картасы аясында 1293 жаңа жұмыс орны ашылды. Ұлттық жобалар бойынша 13 жоба іске қосылып, 105 адам тұрақты және уақытша жұмысқа орналасты. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, әр 10 мың адамға 100 жаңа жұмыс орнын ашу мақсатында аудан көлемінде 186 жұмыс орны құрылды. Бұл көрсеткіштер алдағы уақытта жұмыспен қамтуды одан әрі кеңейтуге мүмкіндік береді. Жұмыссыздық деңгейін төмендету - экономикалық тұрақтылық пен тұрғындардың өмір сапасын арттырудың негізгі шарты. Аудандағы жаңа жұмыс орындары халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға және ауданның дамуына оң әсерін тигізуде. Алдағы уақытта да жұмыспен қамтуды кеңейту бағытындағы іс-шаралар жалғасатын болады,-деді Берік Әбдіғаппарұлы.
Өңірлік коммуникациядар қызметі
Фото: Өңірлік коммуникациядар қызметі
Фото: Өңірлік коммуникациядар қызметі