Құрылыс нысандарының сапасы бақылауда

- 2024 жылы жеке және заңды тұлғалардан 630 өтініш түсіп, оның 85-і қарау реттілігімен басқа органға жолданса, қалған 545-і заңнама талаптарына сәйкес тиісті шаралар қабылданып жауаптар берілген.
Жалпы өтініштерді қарау тәртібі мен мерзімдерін бұзу деректері орын алған жоқ. Мемлекеттік бюджет және жеке инвестициялар есебінен салынатын нысандарда құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы түскен 3056 хабарламаның заңдылығы тексеріліп, оның 1805-і тізілімге енгізілсе, 1251 хабарлама заңнама талаптарына сәйкес рәсімделмеуі себепті кері қайтарылды. Сондай-ақ, 2757 объектіні пайдалануға қабылдау туралы актінің 1338-не оң қорытынды берілсе, 1419 актіге теріс қорытынды берілді. Сол сияқты, 70 аккредиттелген техникалық қадағалау ұйымдарынан “Е-Qurylys” жүйесіне 4135 айлық есептері түсіп, оның 2983-і қабылданса, 1152-і ескертпемен қабылданды,- деді Марат Салқадинұлы.
@Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Фото: Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Фото: Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі