Бюджет қаржысының игерілуі тұрақты бақылауда болуы тиіс

“Барлық макроэкономикалық көрсеткіштің орындалуы, бюджеттің, оның ішінде
республикалық бюджеттің игерілуіне қатысты ешқандай мәселе туындамауы тиіс. Жоспарға сәйкес қаржы ай сайын толық игерілуі қажет.
Су тапшылығы жағдайында алқаптарды кезектестіріп суару, насостар арқылы қашыртқыдан суару жұмыстарын бақылауда ұстаңыздар.
Өңірдегі туристік аймақтарды, демалыс орындары мен жол бойындағы
сервистік нысандарды талапқа сәйкестендіріп, қызмет көрсету
сапасын тұрақты бақылаңыздар.
Әсіресе, демалыс орындары мен рұқсат етілмеген су айдындарында азаматтар мен балалардың қауіпсіздігі басты назарда болуы керек”,- деді Н.Нәлібаев.
Сонымен қатар, аймақ басшысы қоғамдық-саяси ахуалды қатаң бақылауда ұстауды, санитарлық-тазалық, сенбілік жұмыстарын тұрақты ұйымдастыруды жүктеді.
@Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі