Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Мемлекет басшысы су шаруашылығы саласының қызметкерлерін марапаттады

Мемлекет басшысы су шаруашылығы саласының қызметкерлерін марапаттады

Салтанатты іс-шарада бірнеше аудан, басқарма басқарған ауыл шаруашылығы саласының білікті маманы, Қазақ Күріш Ғылыми-Зерттеу Институтының директоры, Қызылорда Облыстық Қоғамдық Кеңесінің төрағасы Сұлтанбек Тауипбаев Президент қолынын ПАРАСАТ ОРДЕНІН алды.

Президент су шаруашылығы қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтап, су – бүкіл тіршіліктің көзі, әлемдегі барлық ел үшін аса маңызды стратегиялық ресурс екенін айтты.

– Біздің кең байтақ жеріміз бар. Алайда ел аумағының жартысынан көбі шөл және шөлейт жерлер. Сондықтан Қазақстан үшін су мәселесі ұлттық қауіпсіздік мәселесі десек, артық болмайды. Бұл сала әрдайым мемлекеттің айрықша назарында. 2023 жылы халыққа Жолдауымда мен суды тиімді пайдалану жайына ерекше тоқталдым. Елімізде Су ресурстары және ирригация министрлігі құрылды. Нақты міндеттер айқындалып, ауқымды реформалар қолға алынды. Жаңа Су кодексі қабылданды. Ірі инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылып жатыр. Су нысандарын салуға және қалпына келтіруге қомақты қаражат бөлінді. Шетелден инвестиция тартылуда. Қазір осы салада 30 мыңға жуық адам жұмыс істейді. Олар қала мен ауылды, өндірістер мен егіс алқаптарын сумен қамтамасыз етуде, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

10 шілде 2025 ж. 203 0