Мемлекет басшысы алдағы Ұлттық домбыра күнімен құттықтады

Отанға сүйіспеншілік – мемлекеттілігіміздің темірқазығы. Қазақстан жастарының мұны жақсы түсініп, қолдайтынына ризамын. Мемлекет руханият саласын барынша дамыта береді. Дәстүрлі өнердің дүлдүлдері Қайрат Байбосынов «Қазақстанның Еңбек Ері», Айгүл Үлкенбаева, Айгүл Қосанова «Қазақстанның халық әртісі» атағына ие болды. Қасиетті қара домбыраның күмбірін бүкіл әлемге паш етіп жүрген азаматтарға алғыс айтамын, – деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің X парақшасында.
Ұлттық домбыра күні шілде айының алғашқы жексенбісінде аталып өтеді.
Ұлттық домбыра күні шілде айының алғашқы жексенбісінде аталып өтеді.