Аудан әкімінің Ұлттық домбыра күнімен құттықтауы
Сіздерді Ұлттық домбыра күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Тәуелсіз еліміздегі ұлттық өнердің өркендеуіне зор үлес қосып, жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу, тарихымызды насихаттау, салт-дәстүрлерімізді жаңғырту, елді бірлік пен ынтымаққа шақыру жолында еңбек етіп жүрген мәдениет пен өнер саласы қызметкерлерінің қоғамдағы орны ерекше.
Қазақ пен домбыра – егіз ұғым. Домбыра – қазақтың киесі, қасиеті, қазынасы. Дала дауысын, желдің уілін, тұлпардың дүбірін, халықтың мұңы мен ата-баба үнін қазіргі ұрпаққа бұзбай жеткізген де осы қоңыр домбыра.
Халқымыздың көрнекті ақыны Қадыр Мырза Әлі жырлағандай: «Нағыз қазақ – қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра».
Жылдан-жылға домбыра тартатын жастардың қатары көбейіп келе жатқаны қуантады. Қазақтың дәстүрлі ән-күйін насихаттап жүрген барша аудан өнерпаздарына алғыс айтамын.
Еліміздің қатпар-қатпар тарихынан сыр шерткен күй-толғау, сыңғырлы сұлу әуен құлағымыздан кетпесін, қасиетті ұлттық аспабымыз – Домбыра төрімізден түспесін!
Баршаңызға Ұлттық домбыра күні мерекесі тағы да құтты болсын!
Құрметпен,
Берік Сәрменбаев,
Сырдария ауданының әкімі
Берік Сәрменбаев,
Сырдария ауданының әкімі