Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Мемлекеттік қызметкер ант қабылдады

Мемлекеттік қызметкер ант қабылдады

23 маусым – Мемлекеттік қызметші күні қарсаңында мерекелік шарада Сырдария ауданында мемлекеттік қызметкер салтанатты түрде ант қабылдады.

Ант қабылдау жас мамандарға қызметтің мол жауапкершілігін түсіндіруге бағытталған. Бұл күні мемлекеттік қызмет табылдырығын алғаш рет аттағандар жұмысқа адал болып, кәсіби қызмет көрсетуге серт берді.

«Мемлекеттік қызмет туралы" ҚР Заңымен және Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен ант қабылдау мемлекеттік қызметшінің басты міндеттерінің бірі ретінде бекітілген.

Мемлекеттік қызметшілердің қатарын толықтыра отырып Сырдария ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру және инспекторлық жұмыс бөлімінің бас маманы Оралов Ғани Мүзапбарұлы салтанатты түрде еліміздің Конституциясы мен заңнамасын сақтауға ант беріп, кәсіби міндеттерін адал атқаруға міндетелді.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі

23 маусым 2025 ж. 279 0