Рәміздер күні қарсаңында мемлекеттік қызметкерлер салтанатты түрде ант қабылдады

Ант қабылдау жас мамандарға қызметтің мол жауапкершілігін түсіндіруге бағытталған. Бұл күні мемлекеттік қызмет табылдырығын алғаш рет аттағандар жұмысқа адал болып, кәсіби қызмет көрсетуге серт берді.
«Мемлекеттік қызмет туралы» ҚР Заңымен және Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен ант қабылдау мемлекеттік қызметшінің басты міндеттерінің бірі ретінде бекітілген.

Мемлекеттік қызметшілердің қатарын толықтыра отырып Айдарлы ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Есболатов Өмірзақ Есболатұлы және Бесарық ауылдық округі әкімінің аппаратының бас маманы Кішкенбаев Талғат Есқалиұлы салтанатты түрде еліміздің Конституциясы мен заңнамасын сақтауға ант беріп, кәсіби міндеттерін адал атқаруға міндеттелді.