Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Туберкулез дерті: кез келген мәселе назардан тыс қалмайды

Туберкулез дерті: кез келген мәселе назардан тыс қалмайды

Аудандық емхананың мәжіліс залында «Туберкулез профилактикасы жөніндегі іс-шараларды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы ҚР ДСМ № 214/2020 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ҚР ДСМ 11.04.2025ж №35 бұйрығы қолданысқа енгізілген болатын. Арнайы бұйрықтан туындайтын мәселелер бойынша семинар кеңес өткізілді. Аталған іс-шараға облыстық фтизиопульмонологияның ақпараттық-әдістемелік ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі Жанар Шажанбаева, аудандық аурухана ұжымы қатысты.

Семинар кеңесті ашқан облыстық фтизиопульмонологияның ақпараттық-әдістемелік ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі Жанар Шажанбаева өңіріміз бойынша 2025 жылдың 5 айымен эпидемиологиялық көрсеткіштерді саралап, ауданға қатысты мәселелерді тізбектеді. Жиналған қауымға арнайы бұйрық негізінде жасалатын жұмыс жоспарын көпшілікке таныстырды. Қауіп тобындағы адамдарда латентті туберкулез инфекциясын диагностикалау схемасы секілді бірнеше тақырыпта ақ халатты абзал жандарға кеңінен ақпарат берілді.

Аудандық аурухананың фтизиатр-дәрігері Ләззат Ибраимова, фтизиопедиатр Анар Ибраймова жыл көлемінде атқарылған жұмыстарға тоқталды. Бүгінде туберкулез дертін алдын алу бойынша кешенді іс-шаралар легі жалғасын таба береді.


Сырдария аудандық ауруханасы

23 маусым 2025 ж. 196 0