Терроризмге қарсы облыстық комиссия отырысы өтті

Облыстық полиция департаментінің бастығы Серік Ергешов террористік әрекеттерге қорғанысы осал объектілердің қауіпсіздігін жетілдіру туралы баяндап, жағдайды жақсартуға қатысты ұсыныстарын айтты.
Облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Руслан Каюпов қоғамдық - саяси ахуалға тоқталды.
Облыстық жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы Марат Құрманбаев «Экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимылдың 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарының» орындалуы туралы хабарлама жасады.
Отырыс соңында облыс әкімі сала басшыларына талқыланған мәселелер бойынша нақты тапсырмалар берді.
Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі