Электросамокат адам өміріне қауіпті

Соңғы уақытта самокаттан шыққан өрт оқиғалары артты. Үй ішінің қауіпсіздігі үшін келесі ережелерді еске саламыз:
Зарядтағыш – тек түпнұсқа болу керек! Жалған құрылғы – батареяның қызып, жарылуына себеп болады.
Самокатты қараусыз қалдырмаған жөн. Түнде немесе үйде ешкім жоқ кезде зарядтауға болмайды!
Жанғыш заттардың жанында қуат көзіне қоспау керектігін ескертеміз. Толық қуатқа жеткізбей тоқтатқан дұрыс. 100 пайызға жеткізбей, қуаттауды өшірген жақсы. Ісінген не иісі шыққан батарея – қауіп көзі болып табылатындығын естен шығармайық! Өз үйіңіз бен жақындарыңыздың амандығы өз қолыңызда.
Қарапайым ережелерді сақтау – үлкен қауіптің алдын алады.
Сырдария аудандық төтенше
жағдайлар бөлімі
Фото: Ашық дереккөзден