Тазалық жұмыстарын жүргізу кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаңыз!

Қайғылы жағдайды болдырмау үшін қоқысты және құрғақ шөпті өртеу кезінде негізгі өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажет:
Жазғы маусымда әрбір тұрғын үй ғимаратының жанында кемінде 200 литр жиынтық су қоры немесе өрт сөндіргіш болуы тиіс;
Жанғыш қалдықтардың қоқыстарын үйіп қоюға жол берілмейді;
Пайдаға асырылмайтын қалдықтар мен қоқыстарды тұрғын үй ғимараттары мен жатақханалардың, саяжай кооперативтерінің, бау-бақша серіктестіктерінің, гараждардың және ашық алаңдардың аумақтарында (қоқыс өткізгішпен жабдықталмаған) арнайы жабдықталған орындарда жабылатын қақпақтары бар металл сыйымдылықтар орнатылады. Сыйымдылықтар бетондалған немесе асфальтталған алаңдарда ғимараттар мен құрылыстардан кемінде 25 метр қашықтықта орналасуы қажет;
Қоқысты және құрғақ шөпті өртеу орнын дұрыс таңдау және дайындау керек.
Ол құрылыстардан кемінде 50 метр қашықтықта орналасқан ашық алаң болуы керек.
Тазалық жұмыстарын жүргізу кезінде тұрмыстық қалдықтарды жағып оны қараусыз қалдыруға қатаң тыйым салынады.
Есіңізде болсын, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу немесе орындамауы бойынша әкімшілік жаза көзделген.
Сырдария ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі
Фото:Ашық дереккөзден