Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 51 газет

12 шілде 2025 ж.

№ 50 газет

09 шілде 2025 ж.

№ 49 газет

05 шілде 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Жұбайына былапыт сөздер айтқаны үшін әкімшілік қамаққа алынды

Жұбайына былапыт сөздер айтқаны үшін әкімшілік қамаққа алынды

Сырдария аудандық сотында азамат Б-ға қатысты Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 73-бабының 2-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, құқық бұзушы Б., өз үйінде алкогольдік масаң күйде жұбайы А.-ның мазасын алып сыйламаушылық көрсетіп, былапыт сөздер айтып, отбасы тыныштығын бұзған, бұл әрекетті бұрын әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасаған.

Б-ның құқық бұзушылық әрекеті, сотта зерттелген іс құжаттарымен толық дәлелденген.

Сот қаулысымен Б. ӘҚБтК-нің 73-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды.

Сонымен қатар, Б-ның мінез-құлқына алты ай мерзімге алкогольдік ішімдік ішуге, есірткі, психотроптық заттарды қолдануға толық көлемде тыйым салуды көздейтiн ерекше талаптар белгiленген.



Сырдария аудандық соты
Фото: Н.НҰРЖАУБАЙ
19 маусым 2025 ж. 448 0