Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » «TAUEKEL» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Сырдария ауданында

«TAUEKEL» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Сырдария ауданында

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты халыққа жолдауында елдегі еңбек ресурстарының балансын есепке алудың тиімді әдістемесін әзірлеуді, сондай-ақ еңбек ресурстарының тапшылығы бар өңірлерде Үкіметке көші-қон үдерісін басқару үшін пәрменді шаралар қабылдауды тапсырған болатын.

Бүгін «Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аударуы» жобасы аясында аудан тұрғындарына оңтүстіктен солтүстікке қоныс аудару бағдарламасы туралы ақпараттық түсіндірме жұмыстарын жүргізуге ауданымызға Солтүстік Қазақстан облысының қоғамдық белсендісі, Солтүстік Қазақстан облысына қоныс аударушыларға жәрдемдесумен айналысатын «TAUEKEL» Қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бурахан Даханов пен делегация мүшелері келіп, аудан халқымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында спикерлер, Солтүстік өңірлердегі мемлекет тарапынан көрсетілетін көмектер мен жәрдамақылар туралы кеңінен ақпараттармен бөлісті.

Айта кетейік, аталған кездесуге Еңбек мобильділігі орталығы Қызылорда облысы директорының орынбасары Исаев Ауелбек Қорғанбекұлы, "AMANAT" партиясы Қызылорда облыстық филиалының заң-консультанты Алшынбеков Сәбитбек Тынысбекұлы, "Serpin Qoldau" кеңесінің жетекшісі Смайл Насихат Бекарысқызы, Сырдария аудандық "Мансап" орталығының директоры Еркебұлан Дәуітбекұлы, аудандық филиалдың Атқарушы хатшысы Ақтөре Ибрагимұлы қатысты.

18 маусым 2025 ж. 198 0