Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Аптап ыстық денсаулыққа әсерін тигізеді

Аптап ыстық денсаулыққа әсерін тигізеді

Елімізде «Қазгидрометтің» хабарлауынша, аптап ыстық күтілуде. Яғни, алдағы 17-19 маусым күндері республиканың көп бөлігінде солтүстік батыс циклонының ықпалынан ауа райы тұрақсыз болады.

Бүгінде өңірімізде ыстық ауа райының сақталуына байланысты төтеншіліктер дабылды ескерту жасауда. Күнделікті ауа райының тұрақсыздығы салдары адамдардың жүріп-тұруына кедергі келтіруде. +46 градус болатын ауа температурасы бірнеше күнге созылып, еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнап, жел екпіні күшеюі мүмкін.

Аптап ыстықтың орын алуы – адам өміріне қауіпті. Жүрек, қан-тамырлары аурулары бар азаматтар көбіне қорғанып жүруі тиіс. Егде тартқан кісілер үйде болғаны дұрыс. Ұзақ жолға шыққан жағдайда өзіңізбен бірге дәрі-дәрмекті тастамаған жөн. Қазіргі уақытта қолайсыз ауа райы әсерінен ауруханаға жатқызылған науқас саны жеткілікті. Сондықтан әрбір тұрғын аптап ыстықта абайлағаны дұрыс.


«Тт» ақпарат
Фото: Ашық дереккөзден
17 маусым 2025 ж. 411 0