Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Аптап ыстық басылар емес

Аптап ыстық басылар емес

Шілде айы орта тұсынан ауса да аптап ыстық басылар­ емес. Еліміздің басым бөлігінде жоғары температура сақ­талып, адамдар әбігерге түскен. Синоптиктер алдағы күн­­дері де Қазақстанның орталық, оңтүстік, оңтүстік-шы­ғы­­сында ауаның температурасы 40-45 градусқа дейін кө­те­­ріледі деп болжауда.

Қызылорда өңірінде осы аптада да ауа температурасы +40 градустан жоғары бол­мақ. Тұрақсыз ауа райы салдарынан­ көпшіліктің денсаулығына қауіп төнуі ық­тимал. Сондықтан «Қазгидромет» аптап ыстықтан сақ болуға ескерту жасауда. Әрбір адам ауа райына қатысты ұялы телефонға келіп түскен хабарламаға мән беріп, ыстық күндері үйден шықпағаны абзал.

Шілде айының 18-і мен 24-і ара­лы­ғындағы апталық ауа райы қатты ыстық болатынын көрсетуде. Апта басында күндіз +40 градус болса, ортасында ауа температурасы +45 градусқа дейін көтерілуі ықтимал. Ал апта соңында синоптиктер күн­нің ыстығы қайтады деп болжаған. Де­се де ыстық леп сақталмақ.

Жергілікті тұрғындар күн ыстықта ес­кер­туге құлақ асқан жөн. Мұндай күндері кө­біне артериалдық гипертензия диагнозымен ауыратын кісіге жүруге болмайды. Яғни, қан қысымы жоғары жандар барынша сақтануы қажет. Адамның қатты ыстыққа шыдас бермеуінен тынысы тары­лып, есінен тануы жиі кездеседі. Зама­тында жүрегі тоқтап қалуы да мүмкін. Те­рінің қызаруы, кілегей қабықшасының құр­­ғауы, шөл қысуы жоғарғы температурада байқалады. Сонымен бірге кейбір адамда ыстықтан аллергиялық дерттің қозуы кө­рі­ніс табады.

Аптап ыстықта желдеткішті (кондицио­нер) пайдаланған абзал. Ыстықтан қорған­ғанда үйдегі жарық шамдарды диодты шамға ауыстырған жөн. Терезелерді қа­раңғылап, шыны ыдысқа мұз қатырып, терезе алдына қою арқылы бөлмені сал­қындатудың пайдасы бар. Кей жағдайда еденді күніне 2-3 рет жуу бөлменің ауасын қалыпты болуына жәрдемдеседі. Айналып келгенде, күндізгі ыстықтан сақтанудың амалын жасау қажет. Әйтпесе, бүгінде Еуропада жоғары температура салдарынан мыңнан аса адам көз жұмған. Сондықтан қатты ыстықта барынша қорғанып, мей­лінше үйден шықпаған жөн.


«ТТ» ақпарат

19 шілде 2022 ж. 393 0