Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Медицина мамандарын кәсіби мерекемен құттықтады

Медицина мамандарын кәсіби мерекемен құттықтады

Елімізде маусымның әр үшінші жексенбісі — медицина қызметкерлерінің күні. Адам өмірі деген баға жетпес құндылықты сақтап қалуға күш салатын аса жоғары жауапкершілік медицина мамандарына жүктелген.

Аталмыш мерекеге орай, Қызылорда облысы ТЖД бастығының міндетін атқарушы Темірбек Бейсенбин ҚР ТЖМ «Апаттар медицинасы орталығының» өңірлік филиалының ұжымын кәсіби мерекелерімен құттықтап, құттықтау адресатын және гүл шоқтарын табыс етті.

Ұжымыңыздың кәсіптеріне деген адалдықтарына, төтенше жағдайлар кезінде адам өмірін сақтау жолында еткен еңбектеріңізге зор алғыс білдіреміз!

Қызылорда облысы ТЖД

15 маусым 2025 ж. 250 0