Қызылорда облысында күрделі газ өндіру жобаларын жүзеге асыру мәселелері талқыланды

Аталған жоба Қызылорда облысындағы «Созақ» кен орнында жүргізілуде.
Жиын соңында Олжас Абайұлы жобаны жан-жақты талдап, оны іске асыру үшін арнайы жұмыс тобын құруды тапсырды.
Geo-Jade Petroleum – Қазақстанда 10 жылдан астам уақыттан бері қызмет ететін ірі қытайлық мұнай-газ компаниясы. Елімізге 3 млрд АҚШ долларынан астам инвестиция құйып, шамамен 1000 тұрақты жұмыс орнын ашқан.Аймақта көмірсутек ресурстарын өндіру көлемі жыл сайын азаюда. Соңғы 10 жылда мұнай өндірісі 68%-ға төмендеп, 2024 жылы 3,3 млн тонна болды, ал 2025 жылға 3,2 млн тонна жоспарланған. Бұл өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына кері әсерін тигізуде. Сондықтан мұнай-газ саласын, оның ішінде «Созақ Ойл энд Газ» компаниясының аумағын дамыту маңызды.
Мемлекет басшысының инвестиция тарту жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында осы жылдың ақпанында аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлы бастаған Қызылорда облысының делегациясы Қытай Халық Республикасына жұмыс сапарымен барды. Сол сапарда «Geo-Jade Petroleum» компаниясының басшылығымен кездесіп, өңірдің мұнай-газ саласын дамыту перспективаларын талқылаған болатын.
«Созақ Ойл энд Газ» компаниясы 2007 жылы көмірсутектерді барлау және өндіру бойынша келісімшартқа қол қойды. 2011 - 2024 жылдар аралығында "Созақ" кен орнын барлауға 33,8 млрд теңге жеке инвестиция тартылған.
«Созақ Ойл энд Газ» аумағында «Оппақ», «Инкай», «Оңтүстік таулы техникалық компания», «Қазатомпром Сауран» сияқты уран өндіруші кәсіпорындар жұмыс істейді. Бұл учаскеде «Маңғышлак мұнай» компаниясына газ өндіруге рұқсат берілген.
Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Фото: Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі