Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 23 газет

23 наурыз 2026 ж.

№ 20 газет

17 наурыз 2026 ж.

№ 19 газет

14 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Олжас Бектенов Geo-Jade Petroleum басшысы Ван Вэньтаомен «Созақ» кен орнында газ өндіру жобасын жүзеге асыру барысын талқылады

Олжас Бектенов Geo-Jade Petroleum басшысы Ван Вэньтаомен «Созақ» кен орнында газ өндіру жобасын жүзеге асыру барысын талқылады

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Hong Kong Sino-Science Oil and Gas Co., Ltd. (Geo-Jade Petroleum) компаниясының президенті Ван Вэньтаомен кездесу өткізді.

Жиында мұнай-газ саласындағы ынтымақтастық және күрделі жолмен алынатын газды өндіру жобасын жүзеге асыру мәселелері талқыланды. Аталған жоба Қызылорда облысындағы «Созақ» кен орнында жүзеге асырылуда.

Қазақстан энергетикалық қауіпсіздікті нығайту және еліміздің экономикалық өсуін қамтамасыз ету үшін өзара тиімді шарттарда ынтымақтастықты жалғастыруға және дәстүрлі емес ресурстардың әлеуетін ашуға мүдделі.

Талқылау қорытындысы бойынша жұмыс топтары деңгейінде жұмыс жалғасатынын атап өтті.

Анықтама: Geo-Jade Petroleum – Қазақстанда 10 жылдан астам жұмыс істеп келе жатқан мұнай мен газды барлау және өндіру бойынша ірі қытайлық компания. Бұған дейін кәсіпорын Қазақстанда $3 млрд-тан асатын бірқатар ірі жобаны жүзеге асырып, 1 мыңға жуық тұрақты жұмыс орнын ашқан.

@KZgovernment

14 маусым 2025 ж. 548 0