Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 23 газет

23 наурыз 2026 ж.

№ 20 газет

17 наурыз 2026 ж.

№ 19 газет

14 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Бюджет қаражатына онлайн мониторинг

Бюджет қаражатына онлайн мониторинг

Қазіргі таңда Қызылорда облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті «Онлайн бюджеттік мониторинг» жүйесі арқылы білім беру, денсаулық сақтау, спорт және мәдениет саласындағы жалақыға байланысты бюджет қаражатының жұмсалуына мониторинг жүргізуде.

Осыған орай тәуекелі жоғары төлемдер бойынша білім беру, денсаулық сақтау, спорт және мәдениет ұйымдарына және олардың бюджет әкімшісіне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен оның аумақтық департаменттеріне тұрақты түрде хабарламалар жолдануда.

2025 жылдың мамыр айының қорытындысы бойынша 344 білім беру, денсаулық сақтау, спорт және мәдениет ұйымдарына 3 337 жеке тұлғаға қатысты 2 915,4 млн. теңгеден астам қаражат бойынша хабарламалар жолданған.

Жолданған хабарламалар негізінде 86,2 млн теңге артық қаражат аудару тәуекелдері расталып, оның 83,3 млн теңгесі бюджетке және мектеп есепшоттарына қайтарылған.


А.НУРПЕИСОВА,
Қызылорда облысы бойынша
Ішкі мемлекеттік аудит
департаментінің бас маманы
Фото: Н.Нұржаубай
13 маусым 2025 ж. 500 0