Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Ішкі мемлекеттік аудит: 2024 жылы 84 аудиторлық іс-шара жүргізілді

Ішкі мемлекеттік аудит: 2024 жылы 84 аудиторлық іс-шара жүргізілді

Ішкі мемлекеттік аудит: 2024 жылы 84 аудиторлық іс-шара жүргізілді

2024 жылы Қызылорда облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит Департаменті 84 аудиторлық іс-шара арқылы қаржылық бақылау жүргізген. Оның дені мемлекеттік сатып алу заңнамасы талаптарының сақталмауы салдарынан орын алған рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар. Жүргізілген 84 аудиторлық іс-шараның 56 аудит материалы бойынша қаржылық бұзушылықтар анықталған немесе қаржылық бұзушылықтың үлесі 67 пайызды құрады. Бұл туралы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Қызылорда облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысы Ербол Күзембаев мәлімдеді.

– Өздеріңізге белгілі, Ішкі мемлекеттік аудит органдары Мемлекеттік сатып алу заңнамасының сақталуына бақылау жүргізетін уәкілетті орган болып табылады. Департамент тарапынан анықталған бұзушылықтарды жою және оларға жол берген лауазымды адамдардың жауапкершілігін қарау туралы білім, құрылыс, денсаулық сақтау және тағы басқа саланың жауапты тұлғалары тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Қазіргі таңда, Комитет және оның аумақтық Департаменті тарапынан білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарымен қазынашылық органы арқылы жүргізілген ақша аударымына 11 тәуекел бейіндері бойынша онлайн мониторинг жүргізілуде. Атап айтқанда, 1 жылда 1 жеке тұлғаға қаражаттың аударылуы, қызметкерге тиесілі емес карт. шотқа ақша қаражатын аудару, 1 қызметкер бойынша 2 немесе одан да көп карт.шоттарына аударым жасау және тағы басқа. Өз кезегінде, Департамент тарапынан бюджет қаражатының дұрыс, мақсатты жұмсалуына, мемлекеттік сатып алу заңнамасының сақталуына бақылау үнемі жүргізіліп отыратын болады,- деді Ербол Қабаштайұлы.
03 ақпан 2025 ж. 46 0