Бюджет қаражаттарына онлайн мониторинг

Осыған орай тәуекелі жоғары төлемдер бойынша білім беру ұйымдарына және олардың бюджет әкімшісіне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен оның аумақтық департаменттеріне тұрақты түрде хабарламалар жолдануда.
2025 жылдың сәуір айының қорытындысы бойынша 329 білім беру ұйымына 3 026 жеке тұлғаға қатысты 2 814,2 млн. теңгеден астам қаражат бойынша хабарламалар жолданған.
Жолданған хабарламалар негізінде 73,6 млн. теңге артық қаражат аудару тәуекелдері расталып, оның 70,6 млн. теңгесі бюджетке және мектеп есепшоттарына қайтарылған.
Фото: Н.Нұржаубай