Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 70 газет

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 газет

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 газет

08 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Кітап оқы да, кемелден...

Кітап оқы да, кемелден...

«Кітап оқы да, кемелден!» атты жобаға марапаттау салтанатына Қазақстан Жазушылар одағының Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің өкілі, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, Сырдария және Шиелі ауданының Құрметті азаматы Қаршыға Есімсейітова мен айтыс өнерінің көрнекті өкілі, «Алтын домбыра»-ның үш дүркін иегері, Қызылорда қаласының және Жалағаш ауданының Құрметті азаматы Мұхтар Ниязовтың арнайы қатысуы іс-шараның мәні мен маңызын ашып, деңгейін көтерді.

Марапаттау салтанатында Қаршыға Құрмашқызы мен Мұхтар Мәуленұлы жобаның тиімді тұстары туралы кеңінен айтып, кітап оқу мәдениетін қалыптастыру жөнінде мазмұнды ой-пікір айтты. Оқушыларға ерекше мотивация беріп, сәттілік тілеген дара дарын иелері жеңімпаздарға Алғыс хат пен бағалы сыйлық табыстады.

Бұл күн оқушылар үшін ұмытылмас сәт болса, ауданның әдебиеті мен мәдениеті үшін тарихи күн ретінде тарихқа таңбаланды.

08 маусым 2025 ж. 646 0