Құрбан айт 6 маусымда басталады

– Қасиетті Құрбан айт мерекесі аясында жергілікті атқарушы органдар тарапынан ұйымдастыру жұмыстары басталды. Шараларды ҚМДБ облыстық өкілдігімен атқару жұмыстары әзірленді. Бұл бағытта облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес іс-шаралар жоспары бекітілді. Құрбан шалу орындарында санитариялық талаптарды сақтау, діни ахуалдың тұрақтылығына байланысты аймақ басшысы нақты тапсырмалар жүктеді. Бұл күндері қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында жергілікті құқық қорғау органдары тарапынан мешіттер мен белгіленген құрбан шалу орындарында арнайы рейд жұмыстары жүргізіледі. Белгіленбеген жерлерде құрбан шалуға қатаң тыйым салынады,- деді Мира Жомартқызы.
– Құрбан шалудың үкіміне келетін болсақ, бұл ең алдымен дәулетті мұсылмандарға міндет болып есептеледі. Дәулетті мұсылман дегеніміз - шариғат тілімен айтқанда 85 грамм алтынды құрайтын артық қаражаты бар мұсылман. Ол бүгінде 2 млн 746 мың теңгені құрайды. Немесе 40 қой, болмаса 30 сиыр, 5 түйеге жететін малы бар адамдарға құрбан шалу міндет болады. Ал қалған дәрежедегі адамдарға міндет емес. Алайда, өз еркімен сауап алам деген ниетте құрбан шалам десе, әрине қабыл етіледі. Құрбандыққа шалынатын мал түрлері әрине шариғат белгілеген қой,ешкі, сиыр және түйе малдары. Қой 1 жастан асқан, сиыр 2 жастан, ал түйе 5 жастан асқан болуы керек,- деді Дастан Жанасұлы.
– Құрбан айт мейрамы кезінде санитариялық-эпидемиологиялық талаптар қатаң сақталады. Құрбан шалуға арналған арнайы орындар жергілікті атқарушы органдармен алдын ала белгіленді. Барлық мал сою алаңдарында ветеринариялық және санитариялық бақылау қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар, құрбаншалатын адамдардың денсаулығы да басты назарда. Мал соятын немесе соған қатысатын азаматтар дені сау болуы тиіс. Бұл инфекциялық аурулардың алдын алу үшін қойылатын маңызды талаптардың бірі,- деді Гүлмира Жабылқызы.
Өңірлік коммуникациялар қызметі
Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі
Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі