Аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың Рәміздер күнімен мерекелік құттықтауы
Баршаңызды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Еліміз үшін Көк байрағымыздың, Елтаңбамыз бен Әнұранымыздың мән-маңызы айрықша. Бұл құндылықтар бейбітшіліктің, бірлік пен келісімнің, өсіп-өркендеудің белгісі» деп атап өтті.
Қасиетті нышандарымызда қазақтың мың жылдық арман-тілегі, мақсат-мұраты түгел топтасқан. Көк байрағымыз – мызғымас мемлекеттіліктің белгісі. Елтаңбамыз – азаттықтың айшықты көрінісі. Ал, Әнұранымыз – еркіндік пен елдіктің үні. Тәуелсіздіктің осы үш символы халқымызға ерекше рух береді және кеудемізге мақтаныш сезімін ұялатады.
Мемлекеттік рәміздер халықтың рухы мен айбатын білдіріп қана қоймай, сол мемлекеттің әлемдік өркениет көшіндегі орны мен деңгейін белгілейді. Сол себепті Елтаңба мен Көк Туға, Гимнге тағзым – тарихқа тағзым, оларға құрмет – елге құрмет. Тәуелсіз еліміздің Рәміздерін қадірлеу – Қазақстанды Отаным деп есептейтін әрбір азаматтың асыл парызы.
Мемлекеттік рәміздерінің беделі бүкіл әлемде өсіп, нығая берсін. Көк Туымыз көкте мәңгі желбірей берсін! Тәуелсіздігіміз тұғырлы, бірлігіміз бекем болсын!