Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Облыс әкімі қызылордалықтарды Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтады

Облыс әкімі қызылордалықтарды Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтады

Құрметті жерлестер!

Сіздерді Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздері күнімен құттықтаймын. Туымыз, Елтаңбамыз, Әнұранмыз азаттықтың басты белгісі болып көгімізде қалықтай бергей!

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Қасиетті нышандарымызда қазақтың мың жылдық арман-тілегі, мақсат-мұраты түгел тоғысқан. Көк байрағымыз – мызғымас мемлекеттіліктің белгісі. Елтаңбамыз – азаттықтың айшықты көрінісі. Ал, Әнұранымыз – еркіндік пен елдіктің үні. Тәуелсіздіктің осы үш символы халқымызға ерекше рух береді. Әрқайсымыздың кеудемізге мақтаныш ұялатады. Өйткені, бұл – бабаларымыздың орындалған арманы» деген болатын.

Еліміздің басты құндылықтарын құрметтеу, қадір-қасиетін ұғыну, оларды қолдану тәртібін сақтау – бәріміздің перзенттік парызымыз.

Халықаралық іс-шараларда, спорт жарыстарында ел мерейі үстем болған сәтте көк байрағымыз биіктеп, Әнұранымыз шарықтайды. Ташкентте өткен Әлем чемпионатындағы Қазақстан жанкүйерлердің Әнұранымызды әуелете шырқауы көпшіліктің көңілін көкке көтерді. Мұндай көріністер өркендеуге және жасампаздыққа ұмтылдырады, мызғымас бірлікке ұйыстырады, қажырлы еңбекке, жетістіктерге үндейді.

Төріміздегі алтын қанатты пырақ көмкерген Елтаңбамыз, көгіміздегі күн бейнелі көк байрағымыз, рухымызды көкке көтеретін Әнұранымыз халқымызды Тәуелсіздік мұраттарына адал болуға шақырады.

Бүгінгі мерекеде баршаңызға амандық-саулық тілеймін!

Мемлекеттігіміздің мызғымас белгілері берекелі заманда, бейбіт аспанда биікте шарықтасын!
04 маусым 2023 ж. 177 0