Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Тұрғындар құқықтық кеңес алды

Тұрғындар құқықтық кеңес алды

Жақында еліміз бойынша бір уақытта «Халық заңгері» ауқымды республикалық акциясы өткізілді. Жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқан акция Сырдария ауданында да жалғасын тапты. Тереңөзек кенті мәдениет үйінде жүзеге асқан іс-шарада 100-ге жуық сырдариялық құқықтық және заң тұрғысынан кеңес алды.

Республикалық акцияның ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Талғат Нұртазаев сөз алып, іс-шараның маңыздылығына кеңінен тоқталды.

– «Халық заңгері» ауқымды республикалық акциясы бірнеше жыл қатарынан ұйымдастырылып келеді. Өзіндік маңызы бар іс-шара­ның көпшілікке берер пайдасы зор. Әрине, жергілікті халық арасында туындаған мәселелердің шешімін табу мақсатында заңгерлер тарапынан түсіндірме жұмысы жүргізілетін болады. Алдағы уақытта сала мамандарымен тығыз байланыс орнатқан жекелеген азаматтар құқықтық сауа­тын арттырып, жеке мәселелерінің оңтайлы шешілетініне сенеміз, – деді аудан әкімінің орынбасары.

Айта кетейік, Қаржы мониторингі агенттігінің Қызылорда облысы бойын­ша Экономикалық тергеу де­пар­та­­ментінің жедел уәкілі Бибінұр Таубай, аудандық прокуратураның прокуроры Әсел Төлегенова, ау­дан­дық полиция бөлімі бастығының орын­басары Қасымхан Асанұлы және де заңгерлер, адвокаттар мен мемлекеттік орган өкілдері тұрғын­дардың барлық сұрақтарына жауап берді. Жалпыреспубликалық ак­ция Қазақстан Республикасы Үкі­метінің қолдауымен және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, ҚР Әділет министрлігі, Zakon.kz желілік басылымы, «Параграф» ақпараттық жүйесі, Рес­пуб­ликалық адвокаттар алқасы, мемлекеттік билік органдары, Қазақс­танның үздік заңгерлері мен ад­вокаттарының ұйымдастыруымен іс­ке асырылуда.

«Киберволонтер» қа­дағалау-про­филактикалық тобының мүше­лері көп­шілікке алаяқтық және на­ша­қорлық жөнінде түсіндірме жұ­мысын жүргізіп, арнайы үнпарақтар таратты.

Б.ОРДАБЕКОВ

03 маусым 2025 ж. 292 0