Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » «Халық заңгері» ауқымды республикалық акциясы өтті

«Халық заңгері» ауқымды республикалық акциясы өтті

Қазақстан Республикасының барлық аумағында «Халық заңгері» ауқымды республикалық акциясы бір мезетте өткізілді. Акцияға сырдариялықтар да белсене атсалысты.

Тереңөзек кентінде аудан әкімінің орынбасары Талғат Нұртазаев, Қаржы мониторингі агенттігінің Қызылорда облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің жедел уәкілі Бибінұр Таубай, аудандық прокуратураның прокуроры Асель Төлегенова, аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Қасымхан Асанұлы және де заңгерлер, адвокаттар мен мемлекеттік орган өкілдері тұрғындардың барлық сұрақтарына жауап берді. Сондай-ақ, акция аясында 100-ге жуық азаматқа заң тұрғысынан көмектер көрсетілді.

Аталған акция жыл сайын 30 мамырда ұйымдастырылып келеді. Жалпыреспубликалық акция Қазақстан Республикасы Үкіметінің қолдауымен және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, ҚР Әділет министрлігі, Zakon.kz желілік басылымы,«Параграф» ақпараттық жүйесі, Республикалық адвокаттар алқасы, мемлекеттік билік органдары, Қазақстанның үздік заңгерлері мен адвокаттарының ұйымдастыруымен өткізілді.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі

01 маусым 2025 ж. 140 0